Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шымкентте 17 жасар қыз жоғалып кетті

113

Биыл 31-шілдеде Шымкент қалалық ішкі істер басқармасына қарасты Әл-Фараби полиция бөлімшесіне 41 жастағы келіншек өзінің 17 жасар қызы Кахраманова Айдана Нұрланқызының хабар-ошарсыз кеткені жайлы арызданды. Айдана 28 шілде күні сағат 14.00 шамасында белгісіз бағытқа шығып, содан қайта оралмаған.

Ата-анасы іздеу жұмыстарын жүргізіп, нәтиже болмаған соң ішкі істер органына хабарлаған. Арыз Әл-Фараби аудандық ішкі істер басқармасының сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркелді. Айдана Кахраманованы іздеуге облыстық ішкі істер департаментінің барлық құрылымдық бөлімшелеріне бағыттама берілді.

Жоғалған қыздың белгілері: бойы шамамен 150-155 см., дене бітімі орташа, көзі қоңыр, шашы иықтан жоғары, қара түсті. Үстінде ақ түсті футболка, қара түсті юбка, аяғына ашық түсті босоножкасы болған.

Егер 16-жастағы Айдана Кахраманованы көрген-білгендер болса, полицияның 102 немесе 8-771 883 30 13, 97-60-09 телефондарына хабарласуын сұраймыз.

Еске сала кетелік, бүгін оңтүстік астананың тәртіп сақшылары кеше із-түссіз жоғалып кеткен бойжеткенді тапты. Ол үйінен өз еркімен кеткен болып шықты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз