Шымкентте 14 жасар қыз жоғалып кетті

43 просмотров

Шымкенттің құқық қорғау органдары із-түссіз жоғалып кеткен 14 жасар Лилия Ахметованы іздеу үстінде.

15 маусымға қараған түні Лилия «құрбыма барамын»деп үйінен шығып кеткен екен. Міне, содан бері одан хабар-ошар жоқ.  Аталған ақпаратты Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі растап отыр.  

17 маусым күні жергілікті тұрғын құқық қорғаушыларға қызының жоғалғанын хабарлап, көмек сұраған. Оған дейін Лилияның туысқандары қыздарын өздері іздепті. Алайда бұдан түк шықпаған.  

Тілге тиек етер жайт, оқушы қыздың жоғалып кетуі алғаш рет емес. Осыған дейін де Лилия бірнеше рет үйінен кетіп қалып отырған. 

Жақындарының сөзіне қарағанда, жасөспірім өзімен бірге ешқандай құжатын алып кетпеген. 

Айта кетелік, жоғалып кеткен Лилия Ахметованың бойы 155 см шамасында, қасы-көзі қара түсті. Шашы ұзын.  Құрбысына барарда ақ-жасыл түсті жейде, көкшіл түсті шолақшалбар және де ақ түсті туфли киіп шыққан. Бұдан басқа қолында шағын қара қол сөмкесі де болған.  

Загрузка...