Шығыста өзенге құлаған көліктегі ерлі-зайыптылар мен бала ажал құшты

75 просмотров

Өскемен- Риддер тас жолының 88-ші шақырымында болған апатта жанұя қаза тапты,-  деп мәлім етті ШҚО ІІД.  Риддерлік ерлі-зайыпты және олардың 10 жасар немересі мінген машина өзенге құлаған.

Үшеуі де көліктен шыға алмай, ажал құшты, деп хабарлады YK-news.kz.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінде 20 маусымда ерлі-зайыпты Риддерден Өскеменге өз шаруалары бойынша аттанғаны айтылды.  Сол күні кешке өздерімен бірге  10 жасар немере інісін алып қайта жолға шыққан. Алайда көлік үйіне оралмады. Алаңдаған туыстары оларды іздей бастады.

— Түні бойы іздедік —  трасса бойында жүрдік, — деді қаза тапқандардың туысы Алиса. — Таңертең ғана таптық. Немере ағам көлікті өзеннен тапты. Автомобильді алып шығу үшін арнайы кран керек болды. Көлік ішінен 57 жастағы ерлі-зайыптылар мен бала мәйіттері табылды. Барлығы қауіпсіздік белдігін таққан екен.

Болған оқиғаны полицейлер тергеп жатыр.

— Жүргізуші  тиісті жылдамдықпен жүрмей, Өскемен- Риддер тас жолының 88-ші шақырымындағы бұрылыста көлік аударылып, Бутачиху өзеніне құлауы мүмкін, — деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.

Загрузка...