Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 226 экономикалық қылмыс анықталды

Бюджеттік салада 76 заңбұзушылық ашылды. Оның 21-і мемлекеттік сатып алуларға қатысты болса, 55 квазисекторда анықталған.

Жалған кәсіпкерлікпен күрес саласында 107 қылмыс тіркеліп, сотқа 64 қылмыстық іс жолданды.

Сондай-ақ экономикалық тергеу қызметі заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттарын заңдастыру және ақшаны қолма қол ақшаға айналдырудың алдын алуға басты назар аударды.

Жыл басынан бастап жалған кәсіпорындардың екінші деңгейлі банктерде 34,9 млн теңге сомасында ақша қаражаттарын қолма қол ақшаға айналдыру барысында 5 топ ұсталды.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру саласында 15 қылмыстық іс тіркеліп, 6 қылмыстық іс сотқа жолданды, көлеңкелі айналымнан 44 лотереялық терминал, 2 ойын автоматы, 33 компьютер алынды.

Сонымен бірге, экономикалық қылмыстарды жасаудың себептері мен салдарын жою туралы мемлекеттік органдар мен мекемелерге 119 ұсыныс жолданды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз