Шығыс Қазақстанда жол апатынан жолаушы қаза тапты

31 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Үлкен Бөкен-Үлгілі малшы автожолында жол апаты болып, бір адам қаза тапты.

39302590932090500333

«Ауди-80» көлігінің 24 жастағы жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай жыраға қарай бұрылып кетіп, ағашқа соғылған.

Апаттан 47 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Жараланған жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Загрузка...