Шығыс Қазақстан облысында көлікте ірі азықты тасу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін Көкпекті ауылдық округі тұрғындарына айыппұл салынды.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Анықталған өрт қауіпсіздігін бұзушылық деректері бойынша әкімшілік жауапкершілікке 4 жеке тұлға тартылған.
Өрт сөндірушілер ауылшаруашылығы жерлеріне алдын алу рейдтерін жүргізу кезінде құқық бұзушыларды анықтай алды. Ірі азықты тасуға арналған тракторлар өрт сөндіргіштермен қамтамасыз етілмеген.
Облыс бойынша шөп дайындау және астық жинау кезінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп 50-ден аса рейдтер өткізгенін атап өтеміз. Шаруа қожалықтарының басшылары мен жұмысшыларымен өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқаулықтар өткізіледі.