Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шығыс Қазақстанда көктайғақтан жүре алмай, орта жолда қалған автобустарға құтқарушылар көмекке келді

177

Кеше таңертең, сағат 9.26-да «Өскемен-Алматы» автожолындағы 75 шақырымда «Өскемен-Зайсан» бағытындағы жолаушылар автобусының жолдың шетіне шығып кеткендігі туралы қоңырау келіп түсті. 45 жолаушының (соның ішінде 17 бала) ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлық жолаушылар Қалбатауға жеткізілді.

Сағат 13.30-да «Омск-Майқапшағай» автожолындағы 920 шақырымда «Зайсан-Семей» бағытындағы жолаушылар автобусы да жолдың шетіне шығып кетті. Онда 20 жолаушы және 2 бала болған. Жолаушылар зардап шеккен жоқ және олар да жақын маңдағы Қалбатауға жеткізілді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті Шығыс Қазақстан тұрғындарына 4-желтоқсанда облыста қар жауып, кей жерлерде боран соғатыны, тұман, көктайғақ болатыны туралы дабылдық ескерту жолданғанын баса айтады.

img_20161204_112738

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз