Қазақстандық теннисші Ярослава ШведоваUS Open турнирінің үшінші айналымына шықты.
Екінші айналымда ол Ван Цян есімді қытайлық теннисшіні 6:0, 6:1 есебімен жеңіп кетті.
Келесі айналымда Шведова Қытайдың тағы бір өкілі — Чжан Шуаймен кездеседі.
Чжан Шуай өз кезегінде 6:3, 6:3 есебімен австралиялық атышулы теннисші Саманта Стосурды жарыстан шығарып тастаған еді