Елімізде қамауда отырған адамдардың санын азайту мақсатында қауіптілігі төмен Павлодар облысы Шідерті ауылында орналасқан қоныс колониясы жабылуы мүмкін.
Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.
Облыстық прокуратураның жетінші бсқармасының басшысы Жомарт Мұңсызбаевтың айтуынша, бюджетке жартылай бос тұрған қоныс колонияларын ұстау тиімсіз.
«Шідертідегі түзету мекемесінде 130 адамға орын бар. Бүгінгі күні онда 73 адам отыр. Қазіргі уақытта бұл мекемені жауып, сотталғандарды басқа аймаққа ауыстыру туралы мәселе туындап отыр. Негізі, бұрын да колонияда отырған қылмыскерлердің саны жүзден аспайтын. Көбінесе жеңіл қылмыс жасағандар қоныс колониясына жіберілмей, шартты мерзім алады. Бұл сұрақ үкімет деңгейінде шешілетін болады», – деді Жомарт Мұңсызов.