Шетелдіктермен бірлескен кәсіпорындар иелегіндегі жер сот арқылы Қазақстанға қайтарылады — министр

29 просмотров

Шетелдіктермен бірлескен кәсіпорындардың иелігіндегі біраз жерлер сот арқылы Қазақстанға қайтарылады. Бұл туралы Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысында Ауылшаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов мәлімдеді деп хабарлайды inform.kz.

Министрдің айтуынша, шетелдіктермен біріккен кәсіпорындарға тиесілі жердің біразы Қазақстанға қайтарылған.

— Қазіргі күні Малайзиямен, Біріккен Араб Әмірліктерімен, Ливан өкілдіктерімен бірлесе құрылған кәсіпорындар ісі соттың қарауында жатыр. Бұлар да Қазақстанға қайтарылуы мүмкін. Бұның өзі шетелдіктерге, біріккен кәсіпорындарға қойылатын талаптардың жоғары екендігін көрсетеді, — деді Асқар Мырзахметов.

Министр 20 жылға дейінгі мерзімге берілген жер саны небәрі он пайызды ғана құрайтынын, ал 25 жылдан 49 жылға дейін берілген жерлер саны 90 немесе 236 мың 771 жер учаскелерін қамтитынын баса айтты. »

— Ал шетелдіктер мен олармен бірігіп ашылған кәсіпорындарға келсек, ондағы жер көлемі басында 65 мың гектар болса, қазір одан да аз. Оның өзінде біріккен кәсіпорындарда басым, — деді Асқар Мырзахметов.

 

Загрузка...