Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Шетелдік сарапшы: „Қазақстанда салафизмге тыйым салумен мәселе шешілмейді „

«Қазақстанда салафизмге тыйым салу оңай. Егер оған тыйым салынса, бұл ағым жасырын түрде жұмыс істейді.
Басқаша айтсақ, салафизм заңмен қудаланса, қатаң бақылау болса, олар өз қызметтерін жасырын түрде жалғастырады.
Ал бұл – бұрынғыдан да қауіпті. Себебі, оларды бақылай алмаймыз. Демек, олар алдағы уақытта қалағандарын істейді. Мәселе тыйым салу арқылы шешілмейді», – дейді ол.

Татьяна Дронзина елімізде салафизм бағытын ұстанатын адамдармен сұхбаттасқан. Оның айтуынша, олар – діни сауатсыз.

«Мен осы салафизмді ұстанатын адамдармен сұхбаттастым. Олардың дінге көзқарасы терең екендігін түсіндім. Бір жағынан олардың діни сауатсыз екендігіне көзім жетті. Мен оларға «Жихад дегеніміз не?» деген сұрақ қойдым? Олар маған «Калашников қаруын алып, исламды мойындамайтын адамдардың көзін жоямыз» деп жауап берді. Ал, бұл дәстүрлі исламдағы «жиһад» түсінігіне сәйкес келмейді. Жиһад – бұл жамандықпен күрес»

дейді ғалым.

Сондықтан ғалым Қазақстанда салафизммен күресудің басқаша жолын ұсынады.

«Менің ойымша, мәселені басқаша шешу керек. Мен салафизмге қатысты ауқымды материалдармен таныстым. Сонымен бірге, ҚР Бас прокуратурасымен тығыз байланыста болдым.

Жалпы, салафизмге қатысты материалдар ауылдағы 16 сағат жұмыс істейтін адамның түсінуі үшін өте қиын. Сондықтан Қазақстанда дәстүрлі діннің салафизмге қарағанда дұрыс екендігін көрсететін жұмыстар жүргізу қажет.

Мәселен, қысқа, түсінікті, шағын материалдар (кітапша) шығару керек. Мұнда Қазақстандағы ислам мен салафизмнің негізгі айырмашылықтары көрсетілгені жөн. Сондай-ақ, ҚМДБ мен журналистер осы бағытта еңбектенуі керек. Бұл – өте маңызды», – дейді Т.Дронзина.

Естеріңізге сала кетейік, 5 маусымда қылмыскерлер Ақтөбеде «Паллада» және «Пантера» қару-жарақ дүкендеріне қарулы шабуыл жасап, мұнан кейін ҚР Ұлттық гвардиясының әскери бөлімін басып алмақшы болған. Ол үшін «MAN» маршруттық автобусын басып алып, ондағы жолаушылар мен жүргізушіні түсіріп жіберіп, автобуспен тексеру-өткізу пунктінің қақпасын бұзып өтіп, қару-жараққа қарай беттеген.

Алайда, олар қару-жараққа қол жеткізе алмады. Күзетші қару қолданып, оларға бөлімнің аумағына әрі қарай кіруіне жол бермеді.

Жалпы, Ақтөбедегі теракт салдарынан төрт лаңкес, төрт әскери қызметші, үш бейбіт тұрғын қаза болды. Түнде жүргізілген жедел-іздестіру шарасы кезінде полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен тағы 5 қылмыскер өлтіріліп, екеуі ұсталды.

Терактті ұйымдастырғандар салафизмді ұстанатындар болып шыққан. Осы оқиғадан кейін елімізде салафизмге заң тұрғысынан тыйым салу мәселесі көтерілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз