Қазақ-өзбек шекарасынан заңсыз өтпек болған бір топ Өзбекстан азаматы ұсталды.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
„Сарыағаш шекара отряды шекараға жақын орналасқан Ынтымақ елді-мекенін шолу кезінде Қазақстанның көші-қон заңын өрескел бұзған 46 Өзбекстан азаматын құрықтады. Олар өздерін ақтау үшін айтқан себептері – жеке бастың қамы. Бұл факті туралы Сарыағаш ауданының құқыққорғау органдарының өкілдері хабардар етілді„ делінеді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.