Шекарадан заңсыз тауар алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды

142 просмотров

Қазақ-қытай шекарасында ірі көлемде электронды темекі мен кальянды заңсыз алып өтпек болған ер адам ұсталды.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

„Қорғас„ өткізу бекетінде 42 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Одан 128 дана электронды темекі, 9 электронды кальян және оларға қажетті бөлшектің 98 қорабы тәркіленді.

Ұсталған азамат Халықаралық шекаралық орталықтан Қазақстанға жаяу өтпек болған.

Бұл факті туралы құзырлы органдар хабарланды.

 

 

Загрузка...