Қазақстан мен Қытай шекарасынан заңсыз қомақты ақша алып өтпек болған азамат ұсталды.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары Қытайға бара жатқан 37 жастағы әйелді тоқтатып, жүгін тексерді. Оның арасынан 9900 АҚШ доллары мен 232 000 теңге табылды.
Ол әйел Қазақстаннан Шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығына кетіп бара жатқан беті екен.