Шекарадан 1500 келі түрлі-түсті металды заңсыз алып өтпек болған азамат ұсталды

29 просмотров

Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекарасының бойында орналасқан «Ақсай» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды үлкен көлемдегі түрлі-түсті металды заңсыз жолмен елімізден алып өтуге тырысқан Қазақстан азаматын ұстады.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шекаралық бақылау жүргізу кезінде  61 жастағы жүргізуші тізгіндеген жүк көлігінен салмағы 1500 келі болатын түрлі-түсті металл сынықтары табылды.

Аталған іс бойынша материалдар Батыс Қазақстан облысы Бөрілі аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне берілді.

Загрузка...