Шекарада Қытай азаматының қалтасынан өлі жылан табылды

155 просмотров

Қазақстан – Қытай арасындағы мемлекеттік шекарадан өтіп бара жатқан қытайлық азаматтың қалтасынан жылан табылды.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

„Мақаншы шекара отрядына қарасты «Бақты» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды 60 жастағы қытайлық азаматты шекаралық тексеруден өткізіп жатқан кезде оның қалтасынан ұзындығы бір метрге жуық жыланды тауып алды. Салафан қапшыққа салынған өлі жылан қытайлық азаматтың үстіндегі костюмінің қалтасынан шыға келді„ делінеді баспасөз хабарламасында.

Бұл жайт құқыққорғау органдарына хабарланды. Қытай азаматы жыланды не мақсатпен алып бара жатқандығын тиісті орындар анықтайтын болады.

Негізінен, жылан емге, дәрі дайындауға пайдаланылады, ал терісі әшекей бұйымдар өнідірісінде қолданылады.

Загрузка...