Қазақстан шекарашылары анашаның иісі мүңкіп тұрған бүтін бір алқаптың үстінен түсті.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда шекара отрядының Ботабай елді-мекеніндегі „Қосмаман„ шекара бекеті жанында өзіндік жағымсыз иісі бар қошқыл жасыл түсті өсімдіктің 800 түбі табылды. Сол маңнан ешқандай құжаты жоқ екі адам ұсталды.