Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Шекара маңынан игеруге жер берілмесін деген мүлде дұрыс емес – Қуаныш Айтаханов

Неге біз қазақстандықтарға шектеу қоямыз? Егер Қазақстан азаматтары шекара маңынан жер алып, шаруашылығын жақсылап жүргізсе, ол шекара нығая береді. Сол себептен бұл шектеуді қазақстандықтар үшін мүлдем алып тастауымыз қажет, – деді депутат.

Сонымен қатар ол шекарамыздың мыңдаған шақырым жерінде ешкім тұрмайтындығын, иен қалғандығы мәселесін атап өтті.

– Сол шекараны барып игеруіміз керек. Сол шекарада елді-мекендер құруымыз қажет. Сол жердегі жерді игеруге тиіспіз. Яғни, бұл мәселе бүгінгі отырыстың күн тәртібіне дұрыс қойылмаған. Ал шетелдікке жалға беру мәселесі бүгінгі күн тәртіпте жоқ. Ол туралы бүгін әңгіме болмайды, – деді Қуаныш Айтаханов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз