Өзбекстанның премьер-министрі Шавкат Мирзияев республика парламенті қос палатасының бірлескен отырысында Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы болып бекітілді.
Бұл туралы Парламенттің төменгі палатасының өкіліне сілтеме жасап, РИА Новости агенттігіне хабарлады.
Өзбекстанның тұңғыш Президенті Ислам Кәрімов жұма күні 78 жасында инсульт сырқатынан дүниеден өткен болатын.
«Шавкат Мирзияев бүгін Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы болып бекітілді, сенат төрағасы Ниғматулла Юлдашев бұл қызметтен өзі бас тартты», – деп хабарлады агенттікке сұхбат беруші.