2017 жылы ұшатын көлік сатылымға шығады

172 просмотров

Ауада сағатына 200 шақырымды баса алатын, ал алысқа ұшу ұзақтығы 700 шақырымды құрайтын гибрид автокөлік жасалып шығарылды.

Словакияның AeroMobil компаниясы мұндай ұшатын автокөлікті 2017 жылы сатылымға шығармақ. Мұндай көліктің құны 200 мың евродан басталады деп жазады Aktualne басылымына сілтеме жасаған , life.ru.

Қозғалтқыш көлемі 3.0 AeroMobil жерде сағатына 160, ауада 200 шақырымға баса алады. Көліктің аспанға көтерілуі үшін ұазындығы 300 метрді құрайтын тік жол керек. Ол бензинмен жүріп, ұшады. Көлік ұшса да, жерже жүрсе де бірдей шығын жұмсайды, яғни 100 шақырымға 15 литр отын.

Гибрид көлікті жүргізу үшін көлік жүргізу куәлігі жеткіліксіз, мұндайда ұшқыштың лицензиясын да алу керек болады.

Загрузка...