Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
8
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Шаруа: Атамнан қалған жердi мен неге сатып ала алмаймын?!

Шаруаның пiкiрiнше, жердi жеке меншiкке сатып алуға мүмкiндiк берген жөн.

«Бiз «асфальтта өскен» балалар емеспiз, сол қызылшаның түбiнде ер жетiп, болашағымызды ойладық. Менiң ойымша, 49 жылға жалға берiп жатқан заңның аясында әлi де жұмыс iстеу керек. Ал шамасы келiп жатқандарға жердi сатып алуына мүмкiндiк берiлуi тиiс»

– дейдi ол.

Шаруа қожалығының басшысы ауыл шаруашылығына жаңа озық технологиялар енгiзу үшiн шетелдiктермен бiрге жұмыс iстеу керек деп есептейдi.

«Мен итальяндықтармен қызылша өсiру бойынша екi жыл жұмыс iстедiм. Бүкiл жақсы технологияларды Ескелдi ауданына әкелдiк. Ал бүгiнгi таңда 135 млн теңгеге техниканы жалға алып, қызылша өсiру бағытында жұмыс iстеудi бастадым. Ертең 500-600 центнер көлемiнде түсiм алуды көздеп отырмын. Ал бiздiң ауданда қазiр 750-800 центнерге дейiн жетiп отыр. Шетелдiктерге жалға беруге қорықпаған жөн. Олар жаңа технология әкеледi, ал жер, техника бiзде қалады»,

дейдi шаруа.

Айта кетейiк, Жер реформасы жөнiндегi комиссия мүшелерiнiң  Алматы облысының жұртшылығымен кездесуi өтiп жатыр.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз