Шалақазақ жігіт Қайрат Нұртастың тыңдармандарын қойға теңеді

3 241 просмотров

Желіде Қайрат Нұртас пен оның әндеріне қатысты пікір жарияланды. Мансұр Амиров есімді Facebook қолданушысы Қайрат Нұртастың тыңдармандарын қойға теңеген.

Бұл туралы  автордың сөзіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

“Қайрат Нұртастың әндерін тыңдау дегенеміз өзімізді қорлау. Оның қазақша махаббат пен лирикалық әуендерін тыңдайтын адамдарды да отар-отар қойға теңеушге болады. Оның аудиториясы үлкен, демек, елімізде қойлар көп деген сөз. Сондықтан, бізді басқару оңай. Қайрат жай ғана той мен мерейтойларда ән шырқайтын адам. Ол осының арқасында күн көріп отыр”, – деген қолданушы отандық әншілерден Ғалымжан Молданазар мен Скриптонитті ерекше атап өткен.

“Отандық орындаушылардан Ғалымжан Молданазар мен Скриптонитті атап өткім келеді. Жігіттер өз жолдарын өздері жасап жүр. Оларға тек алғыс айтамын”, – дейді қолданушы.

bezymyannyj

Загрузка...