Өскемен қаласының су жағалауында орналасқан жерлерде судың деңгейі көтерілуіне Қара Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында жауын-шашынның көбейуі себеп болған.
Атап айтқанда, Бұқтырма су қоймасына 11 маусымнан 15 маусымға дейін судың келуі 1500-нан 2070 м3/сек дейін көбейген. Қазіргі күні Бұқтырма және Шүлбі бөгендеріндегі су көлемі күннен күнге артып келеді.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Кестеге сәйкес, Бұқтырма бөгенінен 2500 м3/сек, Шүлбі бөгенінен 3000 м3/сек дейін суды тастау жоспарланған болатын. Бұл іс-шара артылған суды азайтып, бөгендердің қауіпсіз қалпында сақтап қалуына бағытталған болатын.
«Алайда, 24 маусымда Бұқтырма және Өскемен бөгендерінен су тастау мөлшері 1900 м3/сек дейін азайтылды. Су аз жылдары бөгеннің жағалауында түрлі демалыс орындары соғылған. Ал 90-шы жылдардың соңына қарай бақылаусыз құрылыстар соғылуы орын тапқанын айта кеткен жөн. Нәтижесінде, судың қалыпты жағдайдан төмен орналасқан жерлерде салынған нысандар су астында қалды»
делінген баспасөз баянында.