Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Үш тілде білім беруге Ақтөбе мектебі сақадай сай болып шықты

Бұл — мектептің 1991 жылғы түлектері Қайрат Мәйтеков пен Әлімбек Сейдуллаевтың сыйы. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жасалған бұл сый осында оқитын 950 оқушы үшін аса құнды дүние болып отыр. Арнайы лингафон кабинеті жабдықталған, 19 компьютерге «Britannica» технологиясы бойынша оқытатын бағдарлама енгізілген.

Әр лицензияның құны орта есеппен алғанша 1500 доллар тұрады. Тұтастай алғанда, бағдарлама 40 мың долларға сатып алынған.

— Демеушілердің көмегімен мектепке лицензиялық 19 бағдарлама сатып алынды. Оның 18-і — оқушыларға, 1-і мұғалімге арналған. Қазір осы бағдарламаны түгел орнаттық. Мұнда 33 тілді үйренуге мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта қазақ тілді контент жасақталып жатыр, желтоқсан айына қарай оны арнайы орнатамыз, — дейді Britannica компаниясының Қазақстандағы эксклюзивті серіктестігі «Knovledge Partners» компаниясының директоры Диляра Сейітнұрва.

Сейітнұрованың айтуынша, бұл бағдарлама арқылы балалар 5-6 айдың ішінде ағылшын тілін түсінуге, орташа дейгейде сөйлеуге үйрене алады. Тек оқушылар ғана емес, мұғалімдерге де тиімді болып отыр. Келесі жылдан бастап математика, физика, химия, биология пәндері ағылшын тілінде оқытылатын болса, осы пән мұғалімдері де алдын ала ағылшын тілін осы бағдарлама бойынша үйреніп алуына мүмкіндік бар.

„Сондықтан біз жаңашылдықтан қорықпаймыз, оған сақадай сай дайынбыз„ – дейді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз