ШҚО ІІД қызметкерлері өзгертіліп жасалған тапаншаны тәркіледі

24 просмотров

Өскеменде ШҚО ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 27 жастағы ер адамнан әскери түрге өзгертілген пневматикалық қаруды тәркіледі.

obuchenie-v-sluzhbe-mvd-respubliki-kazahstan

Сараптама көрсеткендей, өзгертіліп жасалған тапанша әскери оқпен атуға жарамды.  Глубоковский ауданының  27 жастағы тұрғыны қаруды заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Тергеу кезінде қаруды ұсталған азаматтың ауылдасы өзгерткені анықталды. Аталған факт негізінде 288-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық ІІД.

Загрузка...