Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Әсет Исекешев таксистер туралы не ойлап жүр?

Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығымен жолаушыларды тасымалдау тәртібі енгізілді. Ол арада көлік жүргізушісінің медициналық анықтамасы және автокөлігінің техникалық құжаты болуы міндеттеледі. Мұның барлығы жолаушылар мүддесін көздей отырып, жасалды.

Жарлық жарияланып, баяғыда күшіне енген„ деп жазады министр әлеуметтік желідегі өзінің жеке парақшасында.

Сондай-ақ ол мұндай компаниялардың жұмысы такси қызметін „көлеңкелі„ экономикадан алып шығып, мемлекетке төленетін салықты көбейтеді деп есептейді. Өйткені ұялы байланыс қосымшасынан қандай такси, кімді тасымалдағанын бақылауға болады.

Министрдің айтуынша, бұл еліміздегі қылмыс көлемін төмендетуге де ықпалын тигізеді.

Исекешев отандық компаниялар (мысалы, Aparu) дамып, Uber сынды алыптармен бәсекелесуге мүмкіндік алатынын айтады. Министр мұндай қазақстандық жобалар жергілікті старт-ап жобаларды қолдайтын бағдарламалар аясында қаржыландыруға болатынын айтты.

Танымал InDriver ұялы қосымшасы еліміздің территориясында биыл сәуір айының соңында бұғатталған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз