Апатты ұшақты сәтті қондырған экипаж мүшелері де марапатталды

59 просмотров
ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шарада “Бек Эйр” әуе компаниясының экипаж мүшелерін марапаттады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Aset-Isekeshev-nagradil-e`kipazh-Bek-E`yr

II дәрежелі “Айбын” ордені Fokker-100 әуе кемесінің екінші ұшқышы Вадим Смеречанскиге табыс етілді. “Ерлігі үшін” медалі әуе кемесінің борт серіктері Рустам Ибрагимов, Жадыра Мударисова және Александр Шестаковқа берілді. Бұл — шассисіз таңғажайып жағдайда апатты ұшақты жерге қондырған ұшақтың қаһарман экипаждары. ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев экипаж шеберлігін еліміздің атаулы күнінде тағы бір мадақтап, оларға шексіз алғысын білдірді.

Ал кеше осы ұшақ экипажының командирі Дмитрий Родин Ақордада Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Халық қаһарманы” атағын және Алтын Жұлдыз бен «Отан» орденін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан алған еді.

27 мамырда Астанада “Бек Эйр” әуе компаниясының ұшағы жерге апатты жағдайда қонған болатын. Тура қону жолағына жақындаған сәтте алдыңғы шассиі ашылмай қалған ұшақты экипаж сәтті қондырып, жүздеген адамның өмірін аман сақтап қалған еді. Борттағы 121 адамның ешқайсы да зардап шекпеген.

 

Загрузка...