Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Әсет Исекешев Астана әкімі, ал Жеңіс Қасымбек министр болды

Ал Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтің алдында ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалғанын мәлімдеген болатынбыз.

ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин болса, оны бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы депутат ретінде тіркеді. Елбасы ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы болуға оның кандидатурасын ұсынғаны да хабарланды.

Әсет Исекешев 1971 жылы 17-тамызда Қарағанды қаласында туған. 1989 жылы Оралдағы №5 арнаулы кәсіби-техникалық училищесінің радиоэлектрондық аппаратураның слесарь-жинаушысы мамандығын, 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін, 1998 жылы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару мектебін бітірген.

Шет елде тәжірибе алған.  Үкіметте бірнеше министрлікте жұмыс істеген.

Жеңіс Қасымбек 1975 жылы Жамбыл облысы Шу қаласында дүниеге келген.

Сәулетші-дизайнер мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын және Еуразия университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Темір банктің бас банкирі болып бастады. 2005 жылы ҚР көлік және коммуникация вице-министрі болды. Ал 2014 жылы Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды.

Кейіннен Инвестициялар және даму министрінің орынбасары болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз