Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі Серікбол Сайлаубек жаңа бейнеклип түсіруге қаржы таппай, халықтан қайыр сұрап кетіпті.
Тыңдармандарға “Ой, жеңге” атты әнімен танымал болып, қазақ тойларының көрігін қыздырып жүрген Серікбол Сайлаубек бейнебаян түсіруге қажетті ақша таппай қиналып жүр екен. Мұндай жағдайда оған халық қана көмектесе алатыны анық. Осы мақсатта әнші “клип түсіруге қаржы жоқ” деп жазып алып, көше аралауға кірісіп кетіпті.
Айта кетсек, Серікболдың көшеден қайыр сұрап жүрген суретін әлеуметтік желіге тележүргізуші Мұхит Сапарбаев жүктеген.
Бір қызығы, клип түсіруге ақша таппай жүрген Серікбол Сайлаубек бұған дейін киноға түсіп жатқанын мәлімдеген болатын.