Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Серік Мәлеев: «Жау іздеу. Орыстың идеологиясы — осы!»

Орыстың пиғылы өзгермегенін байқауыңыз тиіс. Отаршылдық қамытынан құтылған посткеңестік мемлекеттерді осы бір “орыс әлемі” әлі де болса, құрсауынан шығарғысы жоқ.

Бір кезгі Қызыл империяның қоластында болған елдер өз бетінше өмір сүргісі келеді. Бірақ, “орыс әлемі” болдыртпайды. Мұндай мемлекеттер “орыс әлеміне” жау.

Дәлел керек пе? Айтайық. Шешенстан, Молдова, Грузия, Украина – “орыс әлемінің” ашық агрессиясына ұшыраған мемлекеттердің бір парасы ғана.

Кремльдің көсемі жүргізіп отырған қазіргі

Ресейдің идеологиясын – ақымақ идеология деп айтуға әбден болады.

Айып етпессіздер, дәл солай. Бұған басқа теңеу жоқ. Таппадық.

“Орыс әлемі” деген идеяның өзі ақымақтық, анығында

Басқа не? Байқайсыз ба, есі дұрыс мемлекет ХХІ ғасырда ел мен елді бір-біріне айдап салатын идеяны өз идеологиясы ретінде ұстана ма?

Осы идеологияны халықтың санасына сіңдіріп отырған кім? Күлерсіз. Бірақ айтайық. Телеарна. Ресейдің телеарналары.

Қазіргі орыстың арналарын көрсең, құсқың келеді. Дугин, Жириновский, Лимоновтар мінберде жүр.

Олар “орыс әлемінің” мәселесі көтерілетін әрбір бағдарламаның “құрметті қонағы”.

Олар не дейді? Орынды пікір, ойлы сөз айтады деп санайсыз ба? Жоға…

Құр айғай. Айыптау. Жазғыру. Кінәлау. Ресейден басқаларының барлығы күнәға батқан. Тек Ресей ғана сүттен ақ, судан таза.

Анығында, біз олардың сөзін түсінбейміз. Себебі, айтар түгі жоқ. Олардың сөздерінен де, істерінен де әлдеқашан мән кеткен. Олар тек айдап салуды біледі.

Өз халқын қарғыбаудағы ит сияқты санайды олар. Босата қалса, украинге, грузинге, кавказдыққа, латышқа, эстонға, америкалыққа айдап салады. Міне, олардың ұстанымы осы.

Ілгеріде “орыс әлемі” деген не?” деген сұрақ қойған едік. Соған жауап бердік.

Көпұлтты Ресейді, түптің түбінде, құзға құлататын идеология бұл.

SAM_3317

altyn-orda.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз