Серік Ахметов ісі бойынша сотталушылардың мойнына тағы 150 миллион теңге салынды

17 просмотров

Қарағандының № 2 Қазыбек би аудандық сотының шешімімен ҚР бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов ісі бойынша сотталушыларға мемлекетке тағы 148,8 миллион теңге төлеу міндеттелді.

Бүгін Қарағанды қаласының № 2 Қазыбек би аудандық соты Серік Ахметовқа, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевке және басқа да азаматтарға қатысты материалдық залалды өндіріп алуға қатысты шешім қабылдады.

«Қарағанды әкімінің талаптарының біразы орындалды. Сотталушылар мемлекетке 148 817 276 теңгемен қоса сот шығындарын өтеуі тиіс», — деді аудандық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, Қазақстанның бұрынғы министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тағылған болатын, олардың қатарында аса ірі көлемде пара алды (тергеудің тұжырымынша, 2 миллион 400 мың доллар), аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айыптар бар.

Ал осыған дейін Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 307-бабы бойынша айыпталған еді. Оған «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңды жеке мақсаты үшін бұза отырып, тендерлерде жекелеген фирмалардың мүддесін қорғады деген айып тағылды.

Серік Ахметов 2014 жылы қарашада қамауға алынды. Осыдан кейін қамау мерзімі ұзартылды.

Ал кейінірек Серік Ахметовтің ісі бойынша сотталған Ернар Дәрібеков мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғаны хабарланған болатын.

Загрузка...