Ресейдің танымал кино және театр әртісі, Губерн театрының көркемдік жетекшісі Сергей Безруков қатерлі дертке шалдыққа қазақтың 2 жасар бүлдіршініне ақша жинау үшін өзінің суретін интернет-аукционға қойды.
Бұл туралы ол Youtube-те жариялаған видеосында мәлім етті.
«Бірнеше жыл бұрын осында, Қазақстанда «Шынайы ертегі» деген балаларға арналған фильмімді таныстырған едім. Сол кезде қолтаңбамды қалдырған сурет шықты. Енді мына сурет Әдемінің еміне жетпей тұрған қаражатқа сатылады деп үміттенемін. Қайырлы іс үшін сатамын. Сенейік. Жақсылыққа сенейік. Бәрі жақсы болады…», – дейді видеода Сергей Безруков.
Айта кетейік, Алматыда туған Әдемі Қуанышбек екі жаста. Бүлдіршін қатерлі ісікке шалдыққан. Оңтүстік Кореяда жасайтын операция үшін 423 мың доллар жинау керек. Қазір ата-анасының қолында 91 мың доллар бар көрінеді.