Бұл туралы «NewTimes.kz» хабарлайды. Айта кетелік, Жансаяның туған-туысқандары қызды 3 қазаннан бері іздеп жүр. Алғаш ол үйге қонуға келмей қойған. Соған қарамай келесі күні сабақта отырған екен. Алайда сабақ аяқталғасын ол тағы да үйіне бармаған. Соңғы үш күн бойы жақындарының ешбірі Жансаямен байланысқа шыға алмапты.