Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Семейде күйеуінен таяқ жеп келген келіншек оны пышақтап өлтірді

Қылмыстық іс құжаттарынан отбасының бастапқыда бақытты ғұмыр кешкенін байқауға болады. Мәдина Ринат есімді азаматқа (есімдері өзгертілді) 2007 жылы тұрмысқа шыққан. Олар осы күнге дейін екі бала тәрбиелеген. Жолдасы құрылысшы болып жұмыс істеген. Ал өзі балалар тәрбиесімен айналысқан.

2014 жылы Ринаттың жұмыстарында қиындық туындай бастайды. Азамат ішімдікке салынады. Мас кезінде Мәдинаға бірнеше рет қол көтереді. Бұл туралы тек жақын туыстары ғана білген екен. 2015 жылы Мәдина асханаға аспаздың көмекшісі болып жұмысқа тұрады. Осы уақыттан бастап Ринат оны қызғанып, күн сайын соққыға жығады.

Жаңа жыл түнінде Ринат ішімдікке тойып алып әйелін тағы да ұра бастайды. Бұл қорлыққа шыдамаған Мәдина жолдасын ажырасамын деп қорқытады. Бастапқыда Ринат әйелін тыржалаң күйінде көшеге қуып шықпақ болған. Бір уақытта жолдасы райынан қайтып, қолына пышақ алып Мәдинаға қарай жүгіреді. Мәдина жолдасын итерген кезде әлгінің қолынан пышағы түсіп қалады.

Осыны пайдаланып Мәдина пышақты ала салып сыртқы есікке қарай жүгіреді. Өкінішке орай, есікті аша алмай бөгеледі. Осы уақытта жолдасы оны тағы да ұрмақ болады. Физикалық қысымнан шаршаған келіншек оны кеуде тұсынан пышақпен жарақаттайды. Артынша жедел жәрдем шақырады.

Сот отырысы кезінде Ринаттың туысқандары барлығына Мәдинаның өзін кіналаған. Оның жолдасының көзіне шөп салғанын, Ринаттың ішімдікке салынуына тікелей әсер еткенін айтқан. Ал марқұмның әкесі мұны алдын ала жоспарланған қылмыс деп бағалаған.

Сот төрағасы мұны өзін қорғау мақсатында жасалған қылмыс деп танып, келіншекті екі жылға бас бостандығынан айырды. Әзірге бұл үкім заңды күшіне енбеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз