Семейде борышкерлер есіксіз қалуы мүмкін

10 просмотров

Семейлік жылуға қарыз тұрғындар есіксіз қалатын түрі бар. Шаһардың әкімі, сот орындаушылар, коммуналдық қызмет өкілдері мен учаскелік полицейлерден құралған топ берешегі бар үйлердің сыртқы есіктерін шешіп алмақ, деп хабарлайды 24.kz.

«Қанша ескерту жасалғанымен, нәтиже болмады. Сот шешімімен дүние-мүліктерін тәркілеуге мәжбүрміз», — дейді жылу беру компаниясының өкілдері. Борышкерлердің кейбірі үйлерінде болмаса, кейбірі сол жерде қолма-қол ақшамен қарызын жауып жатыр. 2 жарым сағаттық рейд кезінде 230 мың теңге жиналды. Айта кетейік, семейліктердің «Жылукоммунэнерго» мекемесі алдындағы қарызы 300 млн теңгеден асады.

Ермак Сәлімов, қала әкімі:

— Зейнеткерлерде қарыз жоқ, біреуінде де жоқ. Тек қана басқа адамдар төлемей отырған. Жаңа бардық қой бірінші үйге, кәсіпкер, көрдіңіз ғой, әйнегі, есігі қандай екенін. Міне, солар төлемейді. Олар ойлап отыр, осылай жүре береді деп, олай болмайды енді. Соттың шешімі жоқ жерге бармаймыз, соттың шешімі барына ғана.

68b3512ceb1fd2dca3284c25c898200e_l

Загрузка...