Сенегал президенті Павлодардағы Қазақстан электролиз зауытына барды

68 просмотров

Сенегал Республикасының президенті Маки Салл Павлодар қаласындағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-на барды, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен. Мәртебелі мейманды облыс әкімі Болат Бақауов пен «ERGS.a.r.l» басқарма төрағасы Александр Машкевич, алюминий және электролиз зауытының басшылары алып жүрді.

1463825808_IMG_8754

Сенегал басшысы Қазақстанда «қанатты» метал шығаратын алғашқы кәсіпорында өндірістің технологиялық процесімен танысты. Цех жұмысымен танысқаннан кейін Сенегал президенті Маки Салл мен А.Машкевич кәсіпорын металлургтері саяжолында көшет отырғызды.

Мұнда ҚЭЗ-дың еңбек және ауған соғысы ардагерлері, жастар кеңесі, сондай-ақ, зауыттың барлық бөлімшелері отырғызған ағаштар жайқалып тұр.

Загрузка...