Әнші әрі актриса Әсел Сәдуақасова кіндік ана атанды. Актриса жақында ғана дүниеге келген Ерболат Беделхан мен Асыл Беделханның сәбиінің кіндік шешесі атанды. Бұл ақпарат жайлы актрисаның өзі инстаграм желісіндегі парақшасында бөлісті.
“Сіздерге жақсы жаңалықпен бөліспекпін, мені Інжу есімді сәбидің кіндік анасы атандым. Маған сенім артқан Ерболат пен Асылға үлкен рахмет. Сіздердің, жоқ енді біздердің қызымыздың аман сау бойжетіп әрі бақытты болғанын қалаймын”-дейді актриса.