Саят Медеуов: «Тоқал алған азаматтар мықтысыңдар!»

678 просмотров

Белгілі әнші Саят Медеуов тоқал алуға қарсылық танытпау керектігін айтты. 

Бұл туралы ол Астана арнасының «Сырласу» бағдарламасында айтты.

Өзінің тек қыздардың әкесі екенін айтқан әнші, ұл туып бермегені үшін жарын жазғырмайтынын айтты. Оның айтуынша, бақытты ұлдан көресің бе, қыздан көресің бе — бұл Алланың еншісіндегі дүние.

Дегенмен, әнші тоқал алу мәселесіне келгенде, екінші жар алған азаматтарды қолдау керектігін айтып салды. Оның айтуынша, онсыз да аз қазақтың санын осылайша арттыра түскен абзал.

«Балаға бола екінші рет үйлену мүмкін нәрсе. Әр адам әр нәрсені жақсы көреді ғой. Мысалы мен болмайтын темір тұлпарды жақсы көремін. Сол сияқты біреу ұлды, біреу қызды жақсы көреді. Оған кінә тағуға да болмайды ешкімге.  Сол үшін біз «Сен неге ұл тумады деп екінші әйел алдың» деп ешкімді жазғыра алмаймыз. Оның екінші әйелі қыз туа ма, ұл туа ма оны да бір Алла біледі», -деп жеткізді ол перзентке бола тоқал алу мәселесіне қатысты ойын.

«Оған біз қарсы шықпауымыз керек. Мүмкін ол алған әйелін бақытты ететін шығар, жағдайын жасап отқан шығар. Неге біз тоқал алып жатқан адамды жазғыруымыз керек. Қолдауымыз керек. Өйткені онсыз да қазағымыздың саны аз. Онсыз да қыздарымыз шетелге тұрмысқа шығып кетіп қалып жатыр», — деді ол.

2223

Загрузка...