Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

24 мың қазақ қызы қытайға тұрмысқа шыққан ба?

Саясаттанушының айтуынша, жер мәселесi саясиланып кеттi, ал шындығында, бұл таза экономикалық мәселе.

Саясаттанушы жер мәселесінің саясиланып кеткеніне қынжылыс білдірді. Әсіресе, елге беделі бар ағаларымыздың жалға ақпараттардың жетегінде кеткеніне өкініш білдірді.

«Өткенде теледидардан көрдiк, үлкен ағамыз Мұхтар Шахановтың айтқан мәлiметi бойынша, 24 мың қазақ қызы қытайларға тұрмысқа шыққан. Осындай үлкен ағамыздың аузына бұл санды салып беру дұрыс емес. Менiң қолымда ресми мәлiмет бар, 2008 жылдан 2016 жылдың 20 мамырына дейiнгi дерек бойынша, сегiз жылда Қытай мен Қазақстан азаматтары арасында 774 неке тiркелген. Оның iшiнде 413-i Қазақстан Республикасының қазақ азаматы, 361-i Қытайдың қазақ азаматы. Сонда бұл Қазақстанның қазақтары мен Қытайдың қазақтары арасындағы неке болып отыр. Бейресми тексерiлмеген мәлiметтердi ағамыздың аузына салып, халықты дүрлiктiру дұрыс еме. Жалпы, ақылға сыймайтын нәрсе»

— дедi ол.

Айта кетейiк, бүгiн Жер реформасы жөнiндегi комиссияның Қызылорда облысында көшпелi отырысы өтiп жатыр. Бұған дейiн Астанада үш, Ақмола мен Алматы облыстарында екi отырысы өткен едi.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз