Сапарбаев өзін айыптаған Егеубаевті сотқа берді (видео)

180 просмотров

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Үкімет жанындағы Жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті бір отырысында өзін сынға алған Айдын Егеубаевтің үстінен сотқа арыз түсірді.

Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды.

Ақтөбе облысы әкімдігі баспасөз қызметі хабарлағандай, арызға Сапарбаевтың «таза» екенін дәлелдейтін құжаттар қоса тіркелген.

Айдын Егеубаев осыған дейін Б. Сапарбаевты Шығыс Қазақстан облысын басқарған тұста, облыстың Үржар ауданынан қытайлық шаруаларға жер бергені туралы мәлімдеме жасаған болатын.

Загрузка...