Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Сапарбаев: Қытайларды емес, өз азаматтарымызды жұмыспен қамтуымыз керек

Бердібек Мәшбекұлының ойынша, компания басшылары қаражат үнемдегісі келсе, іс-сапарлар санын қысқарту керек. Өйткені, компанияда жұмыс істейтін шетелдік мамандар өз отандарына жиі қатынайтын көрінеді. Сондай-ақ, компания қосалқы бөлшектерді Қытайдан сатып алады екен. Әкімнің пікірінше, бұл да компания үшін қосымша шығын болып отыр.

«Қазір үнеммен өмір сүру керек. Шетелдік мамандарды біздің елге тарту мәселесін қатаң қадағалайтын боламыз. Біз қазір өз азаматтарымызды жұмыспен қамтуымыз қажет. Компания 15 жыл бойы мол табыс тауып келді. Сондықтан, қазіргі дағдарыс уақытында құрылтайшылары қолдау көрсетіп, несиені төлеу уақытын созу керек. Қажет болса жарғыға өзгеріс енгізіп, өзге де қызмет түрімен айналыссаңыздар болады»

– деді Сапарбаев кездесу барысында.

10 шілде күні «Ұлы қорған» ЖШС жұмысшылардың санын қысқартпау мақсатында мемлекеттік органдармен бірлесе арнайы ұсыныстар әзірлеуі тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз