Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Сапарбаев: Ата-анасының зейнетақысына қарап отырған баладан түк шықпайды

Ақтөбедегі құқық қорғау органдары аудандарды аралауға кірісті. Әйтеке би ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жанына облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай, облыстық ІІД бастығы Махамбет Абисатовты және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің өкілін ертіп барды. Халықпен кездесу кезінде өңір басшысы бірлікті сақтауға, ауыл жастарын ерінбей еңбек етуге шақырды. Балаларын зейнетақымен асырап отырған қариялардың ісі қате екенін айтты.

«Балалар сіздердің зейнетақыларыңызға күн көретін болса, олардан түк те шықпайды. Бәріміз де ауылдан шыққан азаматтармыз. Жеткен жетістігіміз  еңбектің арқасында. Екінші айтарым, біз елдің бірлігін сақтауымыз керек. Еліміздің 25 жылдағы жеткен жетістігі осы. Бірлігімізді көзіміздің қарашығындай сақтасақ, ұрпағымыздың алдында міндеттерді атқарған боламыз»,- деді ауыл халқына Сапарбаев.

144196498241xch

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз