Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Саммит, Олимпиада. Қазақ билігі неге кеудемсоқ? Біздің ел жаһандық держава бола ала ма?

UDaf3WqG-1

Александр Кули

 

Орталық Азияның кейбір республикаларындағы билік мұрагерлікке қалай беріледі?

Мұраға иелену – ең өткір және қауіпті мәселе.

Әзірше Орта Азияда билік ауысуының екі моделі қалыптасқан – түркімендік бақылаулы және қырғыздық күштік

Украинадағы дағдарыс бұл мәселені күрделендіріп жіберді – аймақтың саясаткерлері өздерінің Майданды ұйымдастырған Батыстан немесе өз аумағының бір бөлігін тартып алуы мүмкін Ресейден қаншалықты қатты қорқатынын түсінуге тырысуда. Осы орайда, тәжіктерге өз елінің аумағындағы 201-базадағы 5000 орыс сарбаздарының шынайы рөлі туралы ойланған жөн.

Барлық елдерде билік ауысуы үрдісінде негізгі бір рөлді бір жағынан ұлтшылдық, ал екінші жағынан орыс факторы атқаратын болады

Бұған мүдделер факторын қосқан жөн – мәселен, Ташкентте Ислам Кәрімовтен кейін билікті кім қабылдаса, сол Ферғана аңғарындағы ұлттық-этникалық анклавтарының, яғни топтарының мүдделерін жүзеге асырады. Бұл Қырғызстандағы өзбекке қарсы қозғалысты қоздыруы мүмкін. Орыс факторына қоса барлық республикаларда ресейлік БАҚ-тардың билік ауысу үрдісін баспасөзде қалай көрсететіні маңызды рөл атқаратынын атап өткен жөн.

Қазақстан өзінің өсіп келе жатқан экономикалық және саяси жағдайына қарамастан, неліктен Ресей, АҚШ және Қытай тарапынан жүзеге асырылып жатқан дамудың кейбір орталық-азиялық жобалары мен үрдістерінен шалғай тұр?

Өйткені Қазақстанның өзі 2014 жылы басқа елдердегі даму жобаларын қолдайтын донор және тарап болды. Қазақстан өзінің саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрмысы аймақтағы басқа елдерден ерекшеленеді деп есептейді. Бүгінде Қазақстанның саясаткерлері аймақтық жобаларға қарағанда, басқа неғұрлым маңызды мәселеге алаңдаушылық танытып отыр.

Қазақстан аймақтық емес, жаһандық держава болуды мақсат тұтуда. Осыдан Қазақстанның кеудемсоқтығы туындады, мәселен, ол өз елінде Олимпиада сияқты аса ірі халықаралық спорт жарыстарын қабылдауға ұмтылыс танытты

немесе ЕҚЫҰ сияқты ірі әрі ықпалды ұйымға төрағалық етуге қол жеткізді. Қазақстан өзінің сәйкестігін жаһандық және Орта Азияда орын алғаннан бөлек бір дүниеге айналдыруда. Ал Украинаның оңтүстік-шығысында туындаған үлгі боларлық жағдай осы кеудемсоқтықтарды жүзеге асыруға кедергі келтіруде.

203884621

Аймақтық интеграциялық бірлестіктер туралы

Шанхай ынтымақтастық ұйымын түсінудің кілті – оған ұқсас ұйымдарды және оларға мүше болуды оның мүшелерінің шынайы мүмкіндіктерінен бөлу фактісі болып табылады.

Еуразиялық әлем үшін ШЫҰ – Орталық Азия халықтары қолдаған орыс-қытай ынтымақтастығы

Алайда оның артында терең қайшылықтар жасырынып тұр – Қытай ШЫҰ-ны интеграцияның көп тарапты қозғаушы күші ретінде көргісі келеді, өйткені өзі де экономикалық тұрғыдан дәл солай түрлі бағытта дамуда. Ресей, өз кезегінде, Еуразиялық экономикалық одақты одан ары дамыту үшін Орталық Азияны өз мүдделері аясындағы аумақ ретінде қарастыруда.

Орыстар Қытайдың ШЫҰ-ны ішкі басқару бөлігіндегі кейбір ұсыныстарына белсенді қарсылық көрсетті. Мәселен:

1) 1990 жылдардың соңындағы қаржы дағдарысы кезінде Пекин инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін дағдарысқа қарсы қор құруды ұсынды, оған Ресей өз заңдарының көп тараптық несиелік ұйымдарға қатысу үлесін шектейтінін мәлімдеді. Қытайлықтар оған жауап ретінде қатысу үлестерін 5 миллиард АҚШ доллары деңгейінде белгілеуді ұсынды, бірақ Ресей қарсы болды. Бес жылдан кейін Қытай бәрібір 10 миллиард құйып, осындай қор құрды , одан кейін оны ШЫҰ деп атай бастады. Бұл әлемде көптеген тараптар үшін түсінбеушіліктер тудыруда, өйткені ұйым ШЫҰ деп аталғанымен, ол шын мәнінде, барлық Орталық Азия елдеріне құйылған қытайлық инвестициялар сериясы,

2) 2012 жылы ШЫҰ-ның Пекиндегі саммиті қарсаңында осы ұйымның Аймақтық даму банкі ақыры ашылатын көрінген-ді. Сол кезде Ресей барлық құжаттарды зерделеуге уақытының жетпейтінін мәлімдеді. Міне, осының өзі аймақтағы экономикалық экономикалық реттеу тетіктерін орнатуға қарсылық емес пе? Ресей үшін ШЫҰ – Батысқа қарсы көпірме сөз айту, өзінің Сириядағы соғысқа қатысудың және басқа да осындай әрекеттерді ақтаудың алаңы.

Нәтижесінде әлем жаңа – Мәскеу-Пекин діңгегі туралы айта бастады. Дегенмен ШЫҰ-да Қытай мен Ресейді біріктіргеннен гөрі ажыратуға бағытталған көзге көрінбейтін көптеген факторлар әрекет етуде. Әлбетте, ШЫҰ – қағазбастылыққа басқан ұйым емес. Өзін батыстық емес ретінде тұғырлаған бұл ұйымның белгілі бір легитимділігі, яғни өкілеттілігі боғанымен, ішкі тартыстар оны ыдыратып жатыр. Мәселен,Ресей мен Орталық Азияның қауіпі тұрғысынан экономикалық дивиденттер мен олжаларды бөлудегі ассиметриялық үлес.

 

preview-image

 

Орысшадан аударған Қайрат Матреков

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз