Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Самарқандта Ислам Кәрімовтің денесі жер қойнына табыс етілді (фото, видео)

122

Бұл туралы «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасап, lenta.ru хабарлады.

Жерлеу рәсімі алдында Регистан алаңындағы Тилля-Кори медресесі жанында мүфти Усмонхон Алимов марқұмды ақтық сапарға шығаруда Құран-Кәрім бағыштады.

Кәрімовтің жақын туыстары марқұм денесін иығына салып, Регистан алаңынан Шахи-Зинда зиратына дейін жаяу апарды.

 

Президентті ақтық сапарға шығару сәті телевидениядан көрсетілмеді. Оның орнына барлық арнадан қаралы әрлі зарлы әуендер берілді.

Ертең, яғни 4-қыркүйек Өзбекстанда мектеп оқушылары үшін алғашқы сабақ күні болмақ. Міне, осы күнді оқушылар ел президентін еске алуға арнайды деп хабарланды.

Өзбек-қырғыз шекарасы қатаң бақылауға алынып, ол арада ұшақтар ұшып жүр. Қырғызстанға Өзбекстан тарапы шекара маңында әскери оқу-жаттығулар жүріп жатқандығынан хабардар еткен.

Өзбекстан көшбасшысымен қоштасуға мемлекет басшылары, шетел делегациясы, республика жұртшылығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жиналды.

Жерлеу рәсіміне Қазақстан делегациясын Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов, Қырғыз делегациясын қырғыз премьер-министрі Сооронбай Жәнібеков, Ресей делегациясын Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев бастап барды.

Ресей президенті Владимир Путин тығыз жұмыс кестесіне байланысты Самарқандқа бара алмады. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл уақытта Путиннің Владивостоктағы Шығыс экономикалық форумына қатысып жатқанын, ал Самарқандқа жету үшін 7 сағат кететінін, сондықтан оның бәрібір жерлеу рәсіміне үлгермей қалатынын айтқан.

Ауғанстан, Тәжікстан, Түркменстан президенттері қаралы жиынға баратындарын ресми түрде растаған.

Қаралы жиынды Жерлеуді ұйымдастыру мемлекеттік комиссиясының төрағасы, Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзиеев ашты.

Өзбекстан билігі кеше Каримовтың қайтыс болғанын ресми жариялаған болатын. Хабарлама ұлттық телеарна эфирінде оқылды. Елде үш күндік қаралы күн жарияланды.

Өзбекстан президентінің артында Гүлнәр мен Лола есімді екі қызы қалды.

Еске сала кетелік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2-қыркүйектен бері жұмыс сапарымен Қытайда жүр. Онда Мемлекет басшысы 5 қыркүйекке дейін созылатын G20 саммитіне қатыспақ.

https://www.youtube.com/watch?v=80TTpc9btKs

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз