Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Салафизмге тыйым салуға ҰҚК неге қарсы?

168

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Салафизмге тиым салар сот шешімі әлі шыққан жоқ. Маған жеткен мәліметтерге қарағанда, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Білім және Ғылым министрлігі, ҚР Прокуратурасы, Дін істері комитеті, облыс әкімшіліктері салафизмге тиым салуды қолдағанымен, ҚР ҰҚК-нің өкілдері салафизмге тиым салуға үзілді-кесілді қарсы шығып отыр.

Бұл неғылған сыңаржақтық?

ҰҚК ұлттың қауіпсіздігін ойлайтын орган ба, әлде ұлтқа қауіпті орган ба? Осыны халық түсінбей отыр.

Бүлікші ағым – салафилікті ашық айыптауға бармай, тиіп-қашып қана мәліметтер беріп отырған ҰҚК лауазымды тұлғаларының іс-әрекетін қалай түсінуге болады?

Аты дардай бұл аса жауапты мекеме өкілдері бүгін осылай сыздықтатып отырып, ертең салафилікке тиым салуға жол бермейтін шығарып салма құжат әзірлеп, Елбасының атынан елге жария етпесіне кім кепіл?!

Неге ҰҚК мәселені шешуге емес, одан қашуға аса ынталы болып отыр?!

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Қоғамда көп орын алатын лоббизм дерті ҰҚК-не жұққан сыңайлы. Әйтпесе, Сирия, Ирак, Тәжікстан, Өзбекстан, Шешенстан және т.б. мемлекеттерде бүлік тудырып, ауыздықталған діни ағымға біздің елімізде неге тиым салынбайды?

ҰҚК елді қан-қақсатып, талай бейкүнә адамның өмірін жалмаған салафизм ағымына тиым салуға неге қарсы?

Жалпы, қазір мемлекеттік органдарда салафизмді қолдайтын азаматтардың жұмыс істейтіні әмбеге аян. Олардың талайын күнделікті өмірде көріп жүрміз.

Менің пайымдауымша, ҰҚК-нің құрамында да салафизмді қолдайтын қызметкерлер бар.

ҰҚК-дегі салафизм эммисарлары Қауіпсіздік Кеңесіне жалған ақпараттар мен концепцияларын өткізуде. Осы себептен де шешімі кезек күттірмейтін аталмыш мәселе сағызша созылып келеді.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Қашан да ұлт пен мемлекет болашағы үшін маңызды мәселелерді шешуге атсалысып, Өзіңіз шешім қабылдап келесіз. Кейбір мемлекеттік органдарды салафизм дертінен айықтырып, еліміздің келешегіне аса қауіпті бұл діни ағымға тиым салу мәселесіне де Өзіңіз нүкте қояды деген сенімдемін», делінген Әзімбай Ғалидің хатында.

9XIbiIXDB4U-700x482авав

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз