Салафиттерді Қазақстаннан қуып жіберсек қайтеді?

156 просмотров

Қазір Қазақстанда салафизмді ұстанатын 15 мыңға жуық адам бар екен. Бұл туралы Діни істер жөніндегі комитет төрағасы Ғалым Шойкин хабарлады. Сондай-ақ, ол қазір көптеген адамдардың Қазақстанда осы ағымға тыйым салуды ұсынып жатқанын хабарлады. Қазір комитет мамандары осы ұсынысты жан-жақты зерделеп жатыр.

quorumkz-680x365-e1465555359316
Досым Сәтпаев

Бірақ біз неге бар мәселені «көзін құртайық, тыйым салайық!» деген жолмен шешуіміз керек?

Еліміздегі салафизм ағымының мыңдаған ұстанушылары біздің өз азаматтарымыз емес пе? Оның үстіне, олардың бәрі бірдей қолына қару алып, жиһадқа шыққысы жоқ.

Халықтың осы бөлігін қайтеміз? Біз бұл сұрақты еліміздегі танымал саясаттаушылардың бірі — Досым Сәтпаевқа жолдаған едік. «15 мың салафит» дегенді естіген сарапшы қатты таң қалды.

— Мұндай мәліметтердің қайдан алынғанын білмеймін, өйткені 2013 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті елімізде 20-дан астам радикалдық топтар әрекет етеді, олардың құрамына 500 адам кіреді деген ақпарат таратқан еді. Олардың үш жылдың ішінде осылай көбейіп кетуі мүмкін емес қой! Дерекөздердің бірі асыра сілтеп отырған сыңайлы.

Жалпы, бізде цифрлар тұрғысынан алғанда мемлекеттік құрылымдар үнемі бір-біріне қайшы келіп жатады

Бұл тек салафиттер-уахабиттер тақырыбына қатысты емес, сондай-ақ бұл, әсіресе, экономикалық көрсеткіштерге тиесілі — мәселен, елімізге тартылған инвестициялар туралы мәліметтерге. Міне, осындай келісілмеген нәрселер статистика саласындағы түсінбеушіліктерді тудырады, — дейді қапаланған сарапшы.

Досым Сатпаев қазіргі таңда Қазақстандағы радикалдық мазмұндағы топтар жөніндегі нақты мәлімет ешкімде жоқ деген пікірде:

— Бәрі шамалас цифрларды айтады. Ал шын мәнінде, бұл іспен ешкім нақты айналысқан жоқ, оның үстіне, терең сараптамамен. Біз адамдарды қандай да бір қадамдарға баруға не итермелейтінін, оларды кімнің қолдайтынын, шетелдермен қандай байланыстары бар екенін, еліміздің аймақтарындағы элитаның оларға қандай қатысы бар екенін де білмейміз…

Ал «көзін құрт, тыйым сал!» деген әлбетте, дұрыс емес. Бұл жерде кешенді жұмыс қажет. Егер Путин «айтқандай» көрінген жерде көзін құртсақ («мочить в сортирах») — ол кері нәтижеге әкеп соғады.

Ондай жағдайда «көзі жойылған» әрбір салафит «ұлы азапталушыға» айналып, олардың орнын жаңа радикалдар көптеп басатын болады.

Мемлекет және діни қызметшілер әлі шахид бола қоймаған осы «ондықпен» жұмыс істеуі керек. Бірақ мемлекет экстремистік идеологияға қарсы не қоя алады? — деп сұрайды Досым Сәтпаев. — Осы орайда, мен көп ретте жүз жылдай бұрын айтылған Лев Троцкийдің тезисін келтіремін. Сіз Троцкийдің тамаша шешен болғанын білесіз, ол бірнеше минуттың ішінде кез келген адамды өзіне қаратып алатын — шала сауатты матростан университет мұғаліміне дейін. Міне, сол тезис былай дейді:

«Егер сіз Троцкийді жеңгіңіз келсе, оған басқа Троцкийді қарсы қойыңыз».

Бұл жерде де солай. Радикалдарды жеңгіңіз келсе — оларға қарсы дін саласының басқа серкелерін қарсы шығарыңыз. Мұсылмандардың діни басқармасынан, аймақ элитасының басшыларын қарсы қойып, пара-пар идеология табыңыз!

Еліміз байлар мен кедейлерге бөлініп, халық табысы бойынша қатты жіктеліп отырған кезде радикализм қалай пайда болмасын? Біздің әлеуметтік жүйемізде наразылық үнемі туындап отыратын болады. Кейбіреулер оны Facebook бетіне жарияласа, басқалары — алаңға шығады.

Міне, осы жайлы ойланғанымыз жөн…

Загрузка...