Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы салафилік ағымға қатысты «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат берді.
«Ағымның мемлекет тұтастығына төндірер қаупі орасан зор. Өйткені, зайырлы мемлекет құндылықтарын терістеп, ислам мемлекеті идеясын орнықтыру –осы ағым өкілдерінің негізгі мақсаты.Салафилер шариғат заңдарымен үкім шығармайтын басшыларды да, олар басқарып отырған елді де «кәпір» деп санайды. Мұндай мемлекетті билік иелерімен қоса «тағұт» деп танып, оларға қарсы жиһад (қарулы соғыс) жариялайды. Яғни, бұл ағым идеологиясы ең алдымен зайырлы мемлекетке қарсы шығуға, оны құлатуға бағытталған көзқарастарды қалыптастыруда. Салафилердің діни сенім бостандығын қамтамасыз етіп отырған зайырлы мемлекетті «дінсіз, кәпірстан» деп терістеген жалған идеясына алданып, «мұсылман еліне хижра жасадық» деген сеніммен жүздеген қазақстандық жастардың Сирияға аттанып, ДАИШ қырғынының құрбанына айналғаны белгілі. Ұлт деген ұғымды жат санайтын салафилік идеологияға мемлекеттің тірегі болып табылатын ұлттың рухани құндылықтарын, төлтума мәдениеті мен салт-дәстүрін, тіпті, мұсылмандық тарихын да жоққа шығару тән. Салафилікті ұстанушылар қазақтың кішіпейілділік пен құрметтен туындаған ізгі дәстүрлерін «Аллаға серік қосу», «бидғат» деп негізсіз айыптап, тарихқа тағзым іспетті зиярат мәдениетін терістеуде. Қазақ даласында бұрын-соңды болып көрмеген қабір қирату секілді қасиетсіздік де салафилік ағым өкілдерінің ортасында орын алды», – дейді Айнұр Әбдірәсілқызы.
Оның айтуынша, бұл ағым өкілдерінің дәстүрлі қазақ мұсылмандығын жоққа шығарудағы тағы бір мақсаты – ислам дінін Қазақстанға тәуелсіздіктен кейін ғана келген жаңа дін секілді көрсету екен.
Олардың тағы бір мақсаты – ислам дінін Қазақстанға тәуелсіздіктен кейін ғана келген жаңа дін секілді көрсету. Сол кезеңде араб елдерінен тәлім алып келген салафиліктің уағызшыларын «таза» исламды таратушылар ретінде дәріптеу болып отыр.Өзге дін өкілдерін «кәпір» санап, аса төзімсіздік салафилік ағым өкілдеріне қазақстандық менталитетке тән мәмілегерлік (толеранттылық) мүлде жат. «Кәпірлердің мал-мүлкі мұсылмандарға халал, кез келген жағдайда тартып алуға болады» деген дәстүрлі исламға жат түсінікті ұстанатын салафилік ағымы – көпконфессиялы Қазақстан сынды мемлекет азаматтары үшін өте залалды, – дейді орталық директоры.