Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Сайлаудан кейінгі өмір: Қазақстан премьері кім болады? Сарапшылар пікірі

marat

Марат Шибұтов

— Кезектен тыс сайлау саяси элитаны „қайта аттестациялаудан„ өткізуге, экономика жүйесін өзгертуге мүмкіндік береді деп ойлаймын, өйткені біз шикізатқа бағдарланған экономикадан өндірістендіруге көшіп жатырмыз.
Сондықтан мемлекеттік аппаратты құрылымдық реформаларға дайындау қажет. Өйткені «Ұлт жоспары. 100 нақты қадам» бағдарламасы іске қосылды – экономикада, мемлекеттік секторда, кәсіпкерлік саласында ілгерілеушіліктер бар.
Алда тұрған реформаларды жүзеге асыру үшін жаңа адамдардың қажет екені түсінікті — сондықтан „Нұр Отан„ партиясы 127 үміткерінің тек 33 бұрын парламентте болғандар. Әрине, премьер және Министрлер кабинеті толығымен өзгеретін болады.

Үкімет басшысы деген мәселеге келетін болсақ, мен оны білмеймін, бізде ондай дүниелерді алдын ала болжау мүмкін емес, бірақ Кәрім Мәсімов лауазымынан кетеді деп ойлаймын

Сайлау — тек өтпелі кезең

Ольга Пескова, Экономиканың жоғарғы мектебінің доценті (Ресей):

3369eb3b870b546b53567cee237bb05e-e1457941744932

Ольга Пескова

— Өткен шақырылым бағдарламалық құжатта мәлімденген президенттің бес институционалдық реформалары бойынша жеделтілген түрде 59 заң қабылдады, ал үкімет оларды жүзеге асыру бойынша „жол карталарын„ әзірледі.

Жалпы, қазіргі парламент „Ұл жоспарын„ жүзеге асыру үшін заңдық негіз құрып, өзінің тарихи миссиясын орындап шықты.

Бұл жоспар тек әлемдік дағдарысқа қарсы тұруға бағытталған жоқ, сонымен қатар, елдің жаһандық жаңа жағдайда дамуын қарастырады.
Бүгін бұл үрдісті қолдау және нақты істермен толтыру маңызды, сол үшін 2016 жылы құжаттардың ауқымды пакетін қабылдау қажет.

Оның үстіне, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан президенттік-парламенттік республикаға көшу – барлық посткеңестік кеңістіктегі елдер бастан кешірген парадигма ауысуы. Оның қаншалықты табысты жүзеге асатыны басқарушы және мемлекеттік аппарат элиталарының кәсібилігі мен шеберлігіне байланысты. 2016 жылға белгіленген конституциялық реформа президент, парламент және үкімет бір бірін теңестіріп отыратын басқару жүйесін қамтамасыз етеді.

Оппозиция түкке тұрмайды

Андрей Грозин, ТМД елдері институтының Қазақстан және Орта Азия бөлімінің меңгерушісі (Ресей):

0de46059f185427703b725586c9755cd-e1457941798113

Андрей Грозин

— Ел саяси басқарудың супер президенттік нысанынан неғұрлым аралас, неғұрлым салмақты жүйесіне өтіп жатыр.

Келесі президенттің көптеген себептерге байланысты қазіргі Елбасы іспетті аса ықпалды тұлға бола алмайтыны анық

Қажеттілік болғандықтан республика неғұрлым теңдестірілген саяси жүйе құрайтын болады.

Билік партиясы – «Нұр Отан» – 80 пайыздан астам дауысқа ие болады. Депутаттар арасында заң шығарушылық жұмысқа бағдарланған, заң білімі бар маман көбейеді. «Нұр Отан» партиясына дауыс бергендер, шын мәнінде, саяси күштің символы болған президент Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс береді.

Ал оппозицияға келетін болсақ, ол, шындап келгенде, ол түкке тұрмайды және ол тек интернет кеңістігінде ғана белсенділік танытады. Ал халықтың басым көпшілігі үшін әлеуметтік желілерде не болып жатқанынан келіп-кетері жоқ, түкке тұрмайтын ермек іспетті… Бұл бүкіл посткеңестік кеңістік үшін қалыпты жағдай.

Қазақстан Ресейдің соңынан ереді

Petr-Svoik-e1457941837765

Пётр Своик

Петр Своик, саясаттанушы (Қазақстан):

— Қазақстандағы саяси өмір айтарлықтай консерваторлық, бірақ қалай болғанда да, құрамына сайлау кірген өтпелі кезең басталып жатыр. Жағдайдың жалғасуының екі нұсқасы бар. Олардың бірі — оптимистистік жол: сайлаудан кейін президент біртіндеп конституциялық түзетулерді жүзеге асыра бастайды, сөйтіп, парламентке үкіметті жасақтау құқығын береді. Мұндай жағдайда мәжіліс спикері Дәриға Назарбаева болады, ал үкіметті «Нұр Отан» партиясы жасақтайды. Бұл, әрине, көп партиялық емес, бірақ соған қарай жасалған қадам.

Бірақ, шамасы, билік бұл жерде де тәуекелге бармай, келесі жолмен жүретін сыңайлы: біраз уақыттан кейін президент сайлауы жарияланады, онда қайтадан басты үміткер Дәриға Нұрсұлтанқызы болады, ал президент алдын ала дайындалған — Елбасы және «Нұр Отан» партиясының төрағасы лауазымына ауысады.

Тағы бір маңызды нәрсе бар. 2016 жылғы қыркүйекте Ресей Мемлекеттік Думасының сайлауы өтеді. Сондықтан мен біздің сайлауды «өтпелі» ретінде бағалаймын, өйткені ресейлік парламент неғұрлым радикалдау болады, оған арқа сүйеген президент Путин экономикалық стратегияны ауыстыруды бастайтын сыңайлы. Қазақстан соған икемденеді.

Орысшадан аударған Қайрат Матреков

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз