Сағынтаев: ЭКСПО кезінде Астанада содырлар жарылыс ұйымдастыруы мүмкін

41 просмотров

ЭКСПО кезінде террористер Астанада жойқын жарылыстар ұйымдастыруы мүмкін.

Кісі шошырлық мәлімдеме жасаған вице-премьер Бақытжан Сағынтаевтың өзі содырлардан сақ болуды ескертті. Сондықтан Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полицейлер мен арнайы жасақ қазірден қауіпсіздікті күшейтіп, кез-келген жағдайға дайындықты дереу бастап кетті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Сондай-ақ, келесі жылы халықаралық көрме өтіп жатқанда Елордаға сырттан көлік кіргізілмейді, қару-жарақ сатуға және митингілер өткізуге қатаң тыйым салынбақ.

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Астананың ішкі тәртібіне жауапты полицейлер, құтқарушылар мен үкімет мүшелері, қала әкімі Әсет Исекешов бастаған шенеуніктер Бас прокуратураға ағылды. Сөйтсе, жат діннің жетегінде кетіп, лаңкестердің қатарына қосылған Сириядағы отандастарымыздан елге үлкен қауіп төніп тұр екен.

Содырлар тура “ЭКСПО” кезінде жойқын жарылыс жасауы мүмкін.

“Лаңкестік топтардан төнетін қатерді ұмытпауымыз керек. Ақтөбе мен Қарағанды облысында болған қанды оқиға сабақ болуы тиіс. Оның үстіне біздің азаматтар халықаралық террористік лагерьлерде жаттығып жүр. Санасы уланған олардың жарылыс жасауы әбден ықтимал”, – деді Премьер министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

Загрузка...