Сағынтаев басын бәйгеге тікті. Бір жылдан кейін оның орнына әйел премьер отырады

3 283 просмотров

Бақытжан Сағынтаев Үкіметбасының орынтағына уақытша отырды. Ертеңгі күні креслосын әйел адамға босатып беруі мүмкін.

1460543061_sult
Сұлтанбек Сұлтанғалиев

Сарапшылардың сөзі: Сағынтаевтың Үкіметбасы қызметіне тағайындалуы өз-өзін ақтайды. Сарапшылар неге олай ойлайды? Сағынтаев тіс қаққан тәжірибелі басқарушы, елді кез-келген дағдарысқа қарамай басқаруға қабілетті.

Соған қарамай, сарапшылар Сағынтаевтың аталған қызметтегі «ғұмыры» ұзақ боларына күмәнді екен.

– Мен жаңа Үкіметбасының фигурасын елдегі саяси елең-алаң алдындағы уақытша премьер ретінде қарастырамын. Иә, рас Сағынтаев шаруақор. Тәжірибесі толысқан экономист. Бірақ… оған саяси салмақ жетіспейді. Саяси салмағы болса, әзіргіден әлдеқайда басым рөл атқарар еді, – дейді бұл ретте саясаттанушы Сұлтанбек Сұлтанғалиев.

Еркек тоқты құрбандық…

Тағы сол сарапшылардың сөзінше,

Сағынтаевқа премьерлік қызмет оның саяси амбициясының жоқтығы мен саяси салмағының аздығынан беріліп отыр.

2016 жылдың екінші жартысы мен 2017 жылдың алғашқы жартысы Қазақстан экономикасы дағдарыс қамытын мойнына киетін ауыр уақыт болмақ. Бұл нені білдіреді? Бұл — халықтың төзімі таусылып, Үкіметтің атына сын-пікір қарша борайтын кезең болады.

Сөзімізді тұздықтайық. Халықаралық Standard & Poor’s агенттігінің рейтингі былай дейді: Қазақстан экономикасының сырқаты асқына түседі. Солай.

Сарапшылар да отқа май құйыпты. «Ел экономикасындағы биылғы жылғы өсім 1998 жылдан бергі ең төмен көрсеткішті құрамақ, ал ішкі жалпы өнімнің өсімі нөлге тең болады» дейді әлгілер.

Ал ендеше! Үкімет не істейді мұндайда?

Үкімет «үмітсіз шайтанға» сенеді. «Бәлкім мұнай қымбаттайтын шығар» деп алдарқатады өзін. Қымбаттамаса, қара халықтың ашу-ызасын үнсіз көтереді.

Сайып келгенде, Сағынтаев бастаған қазіргі министрлер кабинеті басын бәйгеге тігіп отыр. Олар өздеріне жүктелген «миссияны» жақсы түсінеді.
Әрине, қол қусырып отырмас. Айталық, ауыл шаруашылығын дамытады деген жаңа бағдарламаның тұсауы кесіледі. Бірақ, біз бәрібір де мұнайға тәуелдіміз ғой…

Елдегі ахуал сәл-пәл жақсарғаннан кейін (сәуегейлер: бұл 2017 жылдың екінші жартысы дейді) Қазақстанда жаңа Үкімет тағайындалады.

Жаңа Үкіметбасы пайда болады.

Ол тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы әйел премьер болмақ.

Ауыс-түйістің көкесі әлі алда

1448382417_dosym
Досым Сәтпаев

Мәсімов кетті. Сағынтаев келді. Мәселе онда емес. Бұдан кейінгі премьер кім болмақ? Ауыс-түйістің көкесі әлі алда.

Үкімет орынтағына үміткерлер көп. Соның бірі – Дариға Назарбаева,

— дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев.

Елбасының қызы билікке бүгін келген жоқ. Парламентте жұмыс істеген тәжірибесі бар. Қазақстандағы әлеуметтік қамсыздандыру, медицина және білім жүйесіне үлкен өзгеріс енгізген «Ең төменгі шекті әлеуметтік стандарттар» туралы заңнаманы әзірлеп шығарған осы Дариға Назарбаева.

Ол Парламентпен шектелген жоқ, әрине. Өзін экономиканың қайнаған қазанында жүретін вице-премьер қызметінде тексеріп көрді.

Егер билік ауысар болса Дариға Нұрсұлтанқызы үшін Үкіметбасының орынтағы ең лайықты орын. Елде Елбасының өзі айтқан президенттік республика парламенттік билікке ауысар болса, аталған Конститутциялық реформаны жүзеге асыруға бірінші кезекте Назарбаева атсалысуы қажет.

Парламенттік мемлекетте премьер-министр бірінші тұлғаға айналатыны айдан анық.

Алайда әзірге әлдене деуге ертелеу. Бәлкім, парламенттік-президенттік республикаға айналармыз. Ойланып қарасақ,

кез-келген жағдайда премьер-министрдің фигурасы негізгі рөлді атқарады екен.

1452850426_1452843217_d6o9upcy

Дереккөз: 365info.kz

 

Загрузка...